Қарағанды

Қарағанды қалалық мәслихатына алты партияның өкілдері өтті

Қарағанды облысында қалалар мен аудандардың мәслихаттарына сайлау қорытындылары жарияланды. Нәтижелермен әкімдіктердің ресми сайттарында орналастырылған аумақтық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларынан танысуға болады. Сілтемелер толығымен осында берілген (https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/documents/details/445686?lang=kk).

Қарағанды қалалық мәслихатына 30 депутат сайланды (https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karagandy/documents/details/445633?lang=ru). Amanat партиясының кандидаттары 17 орынға ие болды. Сонымен қатар, “Ақ жол”, “Байтақ”, Respublica, ҚХП және “Ауыл” партияларының өкілдері өтті. Жеңімпаздар арасында алты өзін-өзі ұсынған кандидат бар.

Жаңартылған Қарағанды мәслихатында депутаттардың орташа жасы – 44 жас. Ең кішісі 27 жаста, ең үлкені 64 жаста. Төрт әйел бар.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button