Жаңалықтар

Қарағандыға ипподром салатын инвестор керек

Қарағанды облысында ұлттық спорттың дамуына ерекше зейін қойылуда. Қазіргі таңда аймақта тоғызқұмалақ, саят, бәйге, жекпе-жек, қазақ күресі, асық ату, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, көкпар, жамбы ату тәрізді 11 спорт түрі ерекше дамыған. Аталмыш спорт түрімен 42 мыңға тарта азамат айналысады. Олардың ішінде 18 спортшы Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасына енген.

Ұлттық спорт түрлерін дамытуға 2018 жылы 13 миллион теңге қаражат бөлінсе, биыл 38 миллион теңге бөлініпті. Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карповтың айтуынша, күн тәртібінде тұрған басты мәселе – кеншілер қаласына ипподром салу. Қазір ипподром құрылысын жүргізетін инвесторлар іздестірілуде. 

Басқа материалдар

Back to top button