Жаңалықтар

Қарқаралыдағы дала өртін сөндіру кезінде құтқарушы қаза тапты

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы 1991 жылы туған Хали Хайрат қаза тапты. Сержант азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бастап жұмыс істеген.

Сурет: ТЖД

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ведомствоның Апаттар медицинасы орталығының психологтары қайтыс болған қызметкердің туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетуде.

ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button