Жаңалықтар

Қарқаралы ауданындағы өрт кезінде зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Кеше, 6 қазанда Қарқаралы ауданындағы далалық аумақта қатты өрт болды. ТЖ қызметкерлері өртті сөндіруді әлі де жалғастыруда. Сондай-ақ , денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

– Қарқаралы ауданы, Шоптікөл ауылындағы дала өртін сөндіру кезінде төрт адам зардап шекті. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаларға жатқызылды. Төрт науқастың да жағдайы тұрақты деп бағаланып, барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде, – делінген хабарламада.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button