Жаңалықтар

Қаныш ізімен

    Ел Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында облыс әкімдігі бастамасымен Жезқазған қаласында Қаныш Сәтбаев атындағы республикалық химия пәні олимпиадасы өтті. Айтулы шараға ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдау танытты.

Олимпиада мақсаты – ерекше қабілетті оқушыларды анықтау, олардың химия ғылымына деген қызығушылығын дамыту, пәнді тереңірек оқуға ынталандыру. Химия – қазіргі ғылым мен экономиканың негізгі саласы. Жаратылыстану ғылымының ғана емес, сондай-ақ, мемлекетіміздің болашақ әл-ауқатын дамытудың негізі.

Олимпиаданың республикалық кезеңіне республикамыздың барлық аймақтарынан, «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДБҰ мен республикалық білім беру ұйымдарынан 69  оқушы қатысты.

Олимпиаданың теориялық және пр­актикалық турлары Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің базасында өтті. Қазылар алқасының құрамы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамынан жасақталды.

Олимпиаданы құттықтау сөзімен Қарағанды облысы білім басқармасы басшысы Е.Иманғалиев және «Дарын»  республикалық ғылыми-практикалық орталығы директоры Ш.Қирабаева  ашты.

Олимпиада бағдарламасына сәйкес, қатысушыларға Жезқазған, Сәтбаев қалаларының білім бөлімдері атсалысуымен мектептік және өлкетану туралы ұйымдастырылды. Тәжірибе алмасу мақсатында №№1, 16, 10 мектептерде және №8 гимназияда оқушылар мен жетекшілерге психологиялық тренинг, шеберлік сағаттары, сыныптан тыс жұмыстармен тәжірибе алмасу жұмыстары өткізілді.

Мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Жезқазған  өлкетану мұражайы мен Жезді тау-кен байыту мұражайына экскурсия  жасалды.

Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Жезқазған қаласы №3 білім-инновация лицейі базасында зияткерлік, спорттық ойындар, концерттік бағдарлама өтті.

Екі күндік олимпиаданың нәтижесінде жеңімпаздар анықталып марапатталды.

Жамбыл облысының өкілі Нұрзат Қалмахан бас жүлдені иеленді. Балабек Алдаберген (Қарағанды облысы), Нұржан Рахымғалиев (Шығыс Қазақстан облысы) – алтын медаль мен І дәрежелі дипломға, Асқар Ержанұлы (Астана қаласы), Нұрсұлтан Жеңіс (Алматы облысы), Андрей Щегляев (Павлодар облысы), Қайыржан Алқабаев (Маңғыстау облысы), Киприянур Абдугафарова (Оңтүстік Қазақстан облысы), Қуан Ерназар (Ақтөбе облысы) – күміс медаль мен ІІ дәрежелі дипломға, Исламбек Нұрдәулетов (Қызылорда облысы), Қуат Нұрмаханов (Қарағанды облысы), Баймырза Қалмырзаев, Қабыл Қанат, (Республикалық физика-математика мектебі), Алас Аласханов (Алматы облысы), Олжас Ибрагимов, Тоқтар Балмағамбетов (Ақтөбе облысы), Інжу Жақыпбекова (Қарағанды облысы) қола медаль мен ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.

Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік сыйлықтармен марапатталады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button