Анасын іздеген жеткіншек балалар үйінен қашып кеткен

Қарағанды анасын іздеп таппақ болған 16 жасар жеткіншек балалар үйінен қашып кеткен. Бір тәулік бойы із-түзсіз жоғалған деп есептелген Александр қала маңындағы Бұқар-Жырау ауданынан табылған деп жазады NUR.KZ.

Жас жеткіншектің не себепті балалар үйінен қашып кеткені анықталды. Александр мекеме қызметкерлерінің бір баланың анасы көрші ауылда тұратынын айтып жатқанын естіп, әңгіме өз анасы жөнінде екен деп ойлап қалған.

Саша балалардың серуендеуі кезінде тағы бір жеткіншекті өзімен қоса алып, қашып кетті. Ертесіне тәртіп сақшылары бір жасөспірімді жылу өтетін жол бойынан тауып алған.

Александр болса, Бұқар-Жырау ауданындағы ауылға қарай бет алды.

Қарағанды облысының білім басқармасының баспасөз қызметі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

«Жеткіншек анасын сағынып жүр. Бұл орынды. Әрбір балаға ата-ана қажет. Әлеуметтік мекемелердің тәлімгерлері өз әке-шешесін асыға күтіп жүреді» , — деді өңірлік білім басқармасының баспасөз қызметі.