ЖаңалықтарҚарағанды
Анасы ауруханаға тастап кеткен сәби арнайы мекеменің қарауына тапсырылды
Қарағандылық ана сырқатқа шалдыққан сәбиін ауруханаға тастап, өзі үйіне кетіп қалған. Арада қанша уақыт өтсе де ол баласын іздеп бармапты. Енді анасының қарауынсыз қалған сәби арнайы мамандандырылған балалар үйінің қарауына тапсырылды.
Баласынан бас тартқан ана отбасының ауыр материалдық жағдайы мен үйінде тағы бес баласының қараусыз қалғанын айтып ақталған. Сондықтан да кенже баласының қасында ауруханада жата алмай, үйіне кетіп қалыпты. Артынша баласын мемлекет қамқорлығына тапсыру туралы шешім қабылдапды. Алайда енді қамқорлық бөлімінің мамандары оның қалған бес баласын да анасынан айыруды көздеп отыр екен.