Басты тақырыпЖаңалықтар

Аналар жолдауды талқылады

    Қарағанды облысының «Достық» үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша ОСПАНОВА, Аналар кеңесінің төрағасы, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Сәлима НҰРМАҒАНБЕТОВА және кеңес мүшелері қатысты.

Басқосуда Аналар кеңесі 2016 жылда атқарылған жұмыстарды саралады, сонымен бірге, қазақстандық біртектілік пен жалпыұлттық бірлікті дамыту, отбасылық құндылықтарды нығайту, жастар тәрбиесі бағытында биылғы жылы еңсерілген жұмыстар талқыланды. Міндеттер нақтыланып, мақсаттар айқындалды. Өйткені, жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбиені сіңіру, оларды отансүйгіштікке, толеранттылыққа тәрбиелеуде Аналардың орны – ерекше.

Өз кезегінде Қ.Оспанова Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауға талдау жасап, мемлекеттік саясатты өскелең ұрпақ бойына дарытудағы ананың, отбасының ролінің зор екендігіне тоқталды.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда отбасы тәрбиесіне көңіл бөлу, ұлағатты ұрпақ өсіруде аналардың рөлі және оларды қорғап, қолдау мәселелері қарастырылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері бірқатар ауқымды жұмыстар жүргізген. Мәселен, Сәтбаев қаласындағы Аналар кеңесінің төрағасы М.Мәдиеваның айтуынша, әлеуметтік және басқа да мәселелердің алдын алып, оларды шешу жолдарына байланысты түрлі жобалар әзірлеген. Алдағы уақытта да кеңес мүшелері облыс тұрғындары арасында белсенді жұмыс атқармақ.

Басқосу соңында Аналар кеңесінің жаңа мүшелері тағайындалып, 2017 жылға арналған жоспарларын бекітті.

Салтанат ИЛЬЯШОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button