Covid-19
Қамбар АХМЕТ, «Saryarqa aqparat» медиахолдингінің директоры
«Мен қалалық 3-ші емханада вакцина қабылдадым. Вакцинаға қатысты алып-қашпа сөз көп, жақындарымыздан да естіп жүрміз. Дегенмен, ғылым мен медицинаның жетістіктеріне сенеміз. Әзірше ешқандай әсерін сезбедім. Дене қызуым қалыпты, сырқаттану белгілері жоқ. Мен барғанда вакцина алушылар қатары көп екен. Кәдімгідей кезек. Жасы да, жасамысы да алып жатыр. Емхана басшысы Сәния Нұртасқызының айтуынша, қазір бұл жерде күніне 200-300 адам вакцина алып жатқан көрінеді. Бүгінге дейін 2000 адам алған. Біздің медиахолдингтен бірнеше адам екпе алды. Денсаулықтары жақсы. Алуға құлшынып, кезегін күтіп отырғандар да бар. Алла шипасын берсін!»