Қарағанды

Қамқор пейіл мекені

     Елімізде 2010 жылдан бастап Қамқоршылар күнін атап өту дәстүрге айналған. Бұл шараның басты мақсаты – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларды қолдау, бала асырап алуға ниетті жандарды көбейту,  оларға демеу көрсету.

Бүгінде №15 орта мектепте қамқоршылардың тәрбиесіне берілген 13 бала бар. Бұл  балалар жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан бөлінген қаржы арқылы ата-аналар өтінішіне сәйкес, киім-кешекпен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, бір мезгіл мектеп асханасынан ыстық тамақ ішуге жағдай жасалған.

Қамқоршылар күніне орай, «Балаларға бақыт сыйла!» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті. Шарада 6 сынып оқушылары өлең жолдарын оқып, әнші балалар әннен шашу шашты.

Сонымен қатар, мектеп психологтары «Мейірімді жүрек» тренингін өткізді. Қамқоршылар бұл іс-шараға өте белсенді қатысып, Қайни Айтпайқызы, Жанна Валерьевна және Маузира Булатбековна мектеп ұжымына шексіз  ризашылықтарын білдірді.

Мерекелік іс-шара соңында мектеп басшылығы қамқоршыларға бала тағыдырына бейжай қарамай, қол ұшын созғаны үшін алғысын жеткізіп, естелік сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыстады.

А.Бақтыбаев,

№15 орта мектеп директоры.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button