Бас тақырып

Ғалым ақынның аты озды

Ақын, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғалым Жайлыбай Түркияның Ататүрік атындағы Мәдениет, тіл және тарих жоғарғы мекемесі мен Түрік тіл қауымдастығы Түркі әлеміне ортақ мәдени құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырған «Тіл мейрамы» бағдарламасы аясында «Түрік бірлігі» әдеби сыйлығының лауреаты атанды. Бұл – Түркі әлемінің ең мәртебелі әдеби сыйлығы.

Аталған сыйлықты Түрік тілі қауымдастығының Президенті Осман Мерт табыстады. Тұңғыш рет ұйымдастырылған халықаралық байқаудың үздіктері қатарында Әзірбайжан ақыны Сабир Рюстемханли, Қырғызстан шайыры Аида Егембердиева, Өзбекстаннан Улугбек Хамдамов және Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан Октай Оксюзоглу бар. Әлемге әйгілі бес ақынның қатарында Ғалым ақынның болуы – бүкіл қазақ елінің мерейі.

Үміткердің шығармалары алдын ала түрік тіліне аударылып, жинақ болып шығыпты.

Ғалым Жайлыбай бұған дейін де (2001 ж.) Түркі әлемінің «Ақшам жұлдызы» әдеби сыйлығын иеленген, «YANKI» атты жыр жинағы Анкара қаласында (2018 ж.) түрік тілінде жарық көрген. Бұдан бөлек, түркиялық ғалым Сәмет Өндердің «Қазақ ақыны Ғалым Жайлыбайдың таңдаулы өлеңдеріндегі тіл мен стильдік ерекшеліктер» атты монографиясы жарыққа шыққан еді.

Жырлары әлемнің бірнеше тіліне аударылып, қазақ жырының абыройын аспандатқан Ғалым ағаның жұпар аңқыған саумал жырынан алты құрлық рухани ләззат алып отыр.

Жәлел ШАЛҚАР,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button