Қарағанды

«Алтын жіп» – жасампаздар додасы

Киім тігетін, әшекей және аксессуар жасайтын дизайнерлерден жыл сайын өтетін «Алтын жіп» байқауына өтініш қабылдау басталды. Биылғы жылы байқау 6-рет өткізілмек. Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар әдеттегідей – жасампаздық пен өз топтамасының болуы.

– Топтамада 5-тен 15-ке дейін дизайн болуы мүмкін. Бізде белгілі бір тақырып та, шектеу де жоқ. Бірақ, әрине, кейіптер ұстанымды және әсем болуы керек. Байқау жұмыстарын аймағымыздағы танымал модельерлер, фотографтар мен стилистер бағалайтын болады, –  дейді байқауды ұйымдастырушы «Силуэт» сән театрының жетекшісі Марина Миронова.

Байқау қаңтардың 21-де өтеді. Дегенмен, оған ұйымдастырушылар қазірден  дайындалуды ұсынады. Себебі,  жас дизайнерлердің жаңа  топтамаларын дайындауына, ұсынуына уақыты болуы керек дейді ұйымдастырушылар.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button