АймақҚарқаралы

«Алтын шаңырақ» пен «Күміс керегенің» мерейі

Наурыз мерекесі қарсаңында Қарағайлы мәдени-сауық орталығы көп жыл отасып, ұрпақ тәрбиелеп отырған үлгілі отбасылар арасында «Алтын шаңырақ» және «Күміс кереге» аталымдары бойынша байқау ұйымдастырған болатын.

Суретті түсірген: Қарлығаш ОРАЗҚЫЗЫ.

Жақында осы шараның, отау құрғанына 50 жылдан, 25 жылдан асқан  шаңырақтардың иелерін дәріптеу мақсатында өткізілген игілікті істің қорытындысы белгілі болды. «Қазақмыс» корпорациясы Қарағайлы байыту фабрикасының басшылығы мен «Кәсіпқорған» кәсіподақ ұйымы демеушілік жасаған байқау жоғары деңгейде өтті. Фабрика директоры Ұлан Раянбекұлы бастаған топ Шаңырақ күні мерекесінде байқау жеңімпаздарын олардың үйіне арнайы барып құттықтады. 

«Алтын шаңырақ» қазыналы Қарағайлыда еңбек етіп, шаңырақ көтергендеріне 55 жылдан асқан Ұмсынгүл мен Жақан Батырбековтердің әулеті болса, «Күміс кереге» – қырық жылға жуық өнегелі отбасы болып келе жатқан Әзия мен Ербол Досжановтардың отбасы. Фабрика мен мәдени-сауық орталығының өкілдері үздік атанған отбасыларға арнайы құттықтау хат пен сый-сияпаттарын табыстап, жүрекжарды ақ тілектерін арнады. Екі отбасы да бұл күндері ұл-қыз өсіріп, немере сүйген бақытты шаңырақ, еңбек жолдарын ұрпақтары жалғаған, тәлімі мен тәрбиесі, көпке үлгі болар өнегесі мол әулеттер. Отбасылық құндылықтарымен, еңбекқорлығымен, адамгершілік қасиеттерімен, айналасына жасаған ізгілікті, игілікті істерімен сыйлы болып жүрген бұл отбасылар қандай марапатқа да лайық. 

Әз Наурыздың осындай ізгі шаралары Қарағайлыда өз жалғасын таба бермек. Ізгі мерекедегі шуақты шаралар халықтың да көңілінен шығып отыр.

Болатбек ӘШІМҰЛЫ,
Қарағайлы кенті,
Қарқаралы ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button