Жаңалықтар

Алты келі алтын Қайтарылды

    Қарағандылық полицейлер жарап тұр. «Әлем» сауда үйінен ұрланған алтынның қомақты бөлігін кәсіпкерлерге қайтарып берді. Естеріңізде болса, биылғы жылдың 28 наурызында аталған сауда үйінен 226 млн. теңгенің алтын бұйымдары қолды болған еді.

Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінде кәсіпкерлерге 6 келі алтын табыс­талды. Алайда, кәсіпкерлер бұл бұйымдарын сот процесі аяқталғанша сата алмайды.

Бүгінде күдікті ретінде «Әлемнің» 33 жасар күзетшісі қамауда отыр. Оқиғадан соң ізін жасырған күдікті төрт айдан кейін тұтқындалған-ды.

Ұрланған дүние толық қайтарылмаса да, кәсіпкерлер «бұған да тәубе» дейді. «Қайтқан малда қайыр бар» деген.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button