АймақЖаңалықтар
Алтайлық жылқышы Теректінің қымызына тәнті болды
Теректінің қымызын фестиваль қонақтары ғана емес, қымыздың жайын жақсы білетін жылқы жанашырлары да жоғары бағалауда. Соның бірі – Алтайдан келген жылқышы, блогер Бауыржан Болатханұлы. Ол фестиваль алаңын аралап, бірнеше қымыздың дәмін татып көргенін, алайда Теректі ауылынан келген өнім ерекше ұнағанын жеткізді.

– Осы жерді шарлап, біраз қымыз ішіп көрдім. Соның ішінде ең тәттісі осы болды. Дәмі тіл үйіреді, бабы келіскен, еңбегі сезіліп тұр. Осындай ақ адал еңбектеріңіз еселене берсін. Жылқы малыңыз көбейіп, өрісіңіз кеңейіп, қымыздарыңыз елдің ықыласына бөлене берсін, – деп ризашылығын білдірді Бауыржан Болатханұлы.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



