ҚарқаралыБас тақырып

Қанат Айтбаев: «BaiQymyz» аймақаралық гастрофестивалі ұлттық рухты көтереді»

Қазылар алқасының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері Қанат Айтбаев фестивальдің ұлттық рухты көтерудегі мәні айрықша екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қарқаралы төріндегі бұл шара қазақтың түп-тамырын танытып, ұлттың болмысын айшықтайтын тағылымды жобаға айналып келеді.

– Бұл фестивальге былтыр да қатысып, қазылар құрамында болған едім. Өте әдемі мереке. Қазақтың ұлттық құндылығын насихаттап, тамырымызды тереңдетіп, болмысымызды айқындайтын жоба деп білемін. Мұндай шара адамның рухын көтереді. Қымыздың сан түрі бар екенін көріп, таным көкжиегіміз кеңейіп жатыр, – деді Қанат Құдайбергенұлы.

Ол фестиваль алаңындағы ұлттық бояу, ән мен күй, халықтың ықыласы мерекенің мазмұнын одан әрі байыта түскенін айтты.

– Ғасырлар тереңінен сыр шертетін байлығымыздың бәрі осы алаңға үйіп-төгілгендей әсер қалдырады. Ән әуелеп, күй күмбірлеп, руханият ордасында халықтың жүзі шуаққа толып тұр. Елдің мерейін өсіретін, көңілін көтеретін, тәрбиелік мәні бар осындай жетелі жобалар көбейе берсін. Ұйымдастырушыларға, қолдау білдірген облыс басшылығына алғыс айтамыз, – деді Қанат Айтбаев.

Мағжан ҚҰДАЙБЕРГЕН
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button