Қаздауысты Қазыбек бидің туғанына - 350 жыл

«Алаштың алдаспан абызы»

    Қаздауысты Қазыбек бидің 350 жылдығына орай мектебімізде өткізілген шара  осылай аталды. Онда Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих пәнінің оқытушысы Нұртас  Смағұлов, мектеп ұстаздары, жоғары сынып  оқушылары қатысты.

Қазақ шешендік өнерінің тарихынан ерекше орын алатын Қазыбек бидің өмірінен 11 «А» сынып оқушылары Алмат Рахтай, Жайна Сәметова мәлімет берсе, Аида Садықова  шешендік  өнеріне тоқталды. Сөз кезегін алған Нұртас  Бірлікұлы Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына тоқталып өтті. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмысты әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы мәселе көтеріліп отырғандығы жайлы айтты. Тамыз айында Қарағанды облысында Қаздауысты Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойы  өте жоғары деңгейде аталып өтті. Қазақ тарихында дала данышпаны атанған, орта жүздің от ауызды, орақ тілді кемеңгер биі туралы зиялы қауым толғамды ой-пікірлерін айтты. Қазыбек би мұрасы және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын ел арасында терең насихаттау мақсатында «Бабаларға тағзым!» автокеруені ел ішін аралап, көрші Өзбекстан жеріне дейін барып қайтты. Жолға шыққан халықаралық автокеруеннің 12 күнге созылған  тарихи сапары құрамында  болып қайтқан Нұртас Бірлікұлы оқушыларға  көзбен  көрген жайттарды әңгімелеп берді.

Тарих төрінен өшпестей орын алған ұлы тұлға Қазыбек бидің кейінгі ұрпағына қалдырған өнегелі өсиет сөздері жетерлік. Би мұрасы – болашақтың игі басы.

Марина ЖАРЫЛҚАПОВА,

№41 мектеп кітапханашысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button