Облыс әкімінің жұмыс сапары

Қаланың қуаты артады

Облыстағы ең ескі жылуэлектр орталықтарының бірі – Балқаш ЖЭО қуаты кеңеюде. Бұл қала халқын үздіксіз сапалы жылумен қамтамасыз етуге және орталық жылуға жаңа нысандарды қосуға мүмкіндік береді.

Балқаш қаласына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек ЖЭО-ның жұмысын тексеріп, жол жөндеу барысымен және тұрғын үй құрылысымен танысты. Биыл ЖЭО кеңейту жұмыстары басталды. Барлық экономикалық және экологиялық талаптарға сай келетін жаңа бесінші қазандық орнатылады.

– ЖЭО-да Таганрог қазандық жасау зауытының қазандық агрегатын орнатамыз. Бұл қосымша жылумен, сондай-ақ, станцияның сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді «Kazakhmys Energy» ЖШС БЖЭОоперациялық директоры Валерий Истомин. Қоңырат шағынауданын орталық жылумен қамту мәселесі шешілді. Жаңа жылу орталығының арқасында шағынауданды одан әрі кеңейтуге мүмкіндік бар. Қалада М1 және М2 магистральдық жылу желілерін ауқымды қайта құру жүріп жатыр. 60-жылдары салынған 5 шақырым құбыр ауыстырылады. Қазір құбырларды бөлшектеу аяқталды. 450 м жылу желілері ауыстырылды. Жоба екі жылға есептелген. Ол аяқталғаннан кейін балқаштықтар сапалы жылу алады және ыстық сумен проблемалар туындамайды. Облыс әкіміне жолдарды жөндеу туралы да баяндалды.

– Биыл ұзындығы 7,6 шақырым сегіз көшенің автожолдарын орташа жөндеу және ұзындығы 1 шақырым екі жаңа жолдың құрылысы жүргізілуде, – дейді Балқаш қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қабидолла Ескендір.

– Сәтбаев пен Иванов көшелерінде ешқашан жол болған емес. Біз мұнда асфальттау жұмыстарын жүргіздік. Тротуарларды жабдықтап, жарықтандыруды қостық. Сәтбаев көшесінде көгалдандыру жұмыстары атқарылды. Абаттандыру аясында әр аулада балалар алаңы орнатылады.Төрт аула аумағында жұмыс қарқынды. Тәуелсіздік алаңында да гүлзар жаңғыруда. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пәтерлердің құрылысы қолға алынған. Биыл 18 мың шаршы метр пайдалануға беріледі. Сол арқылы 130 адам баспаналы болады. Жеңіс Қасымбек 9-шы шағынаудандағы танхаустың, көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс алаңына барды. Осы жылы тоғыз көпбалалы отбасы жаңа баспана алады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button