Қаланың тынысымен танысты

   Облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ жұмыс сапарымен Саран қаласына барды. Алдымен, «Горняк» шағын ауданындағы үш қабатты жалдамалы тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Қазіргі уақытта тұрғын үйдің инженерлік- жарықтандыру жабдықтары, жылу жүйесі және ішкі жұмыстары жүргізілуде.

   Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында қаланың өн­дірістік кәсіпорны «Казметаллпласт» ЖШС-не ат басын тіреді. Жоғары сападағы фитингтер және қазіргі нарықта сұраныс жоғары су мен газға арналған жабдықтар, төмен қысымдағы желілерге тартылатын кәрізбен телекоммуникацияға тиімді по­лиэтелендік құбырлар, болат фланецтер дайындайтын кә­сіпорынның жұмысын көрді.

Сондай-ақ, «Саран тігін және тоқыма фабрикасы «GALEX PLUS» жауапкершілігі шектеулі серік­тестігінде де болды. Бір айта кетері, 1956 жылы алғашқы өнімі ұсынылған фабрика бүгінгі күнге дейін түрлі жұмыс киімдерін тігуде талаптың үдесінен шығып келеді.

Жұмыс сапарынан кейін жиналыс өткізген Асылбек Дүй­себаев қаланың 9 айдағы даму көрсеткіші мен бюджетін және проблемалық мәселелерді тал­қылады. Жиын соңында Асыл­бек Жексенбайұлы «Горняк» шағын ауданындағы үш қа­батты жалдамалы тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға қосым­ша қаржы қарастыру үшін нақты тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді.

Нұрдос КӘРІМ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.