Спорт

Алан Құрманғалиевтің ITTF әлемдік рейтінгтегі орны өзгерді

16 жасар Қарағандылық Алан Кұрманғалиев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) жаңартқан рейтингінде V орынға көтерілді.   

Жерлесіміз соңғы рет Португалияның Вила-Реал қаласында өткен «WTT Youth Contender» турнирінде 17 жасар спортшылар арасындағы бәсекеде және 19 жасар спортшылар арасындағы бәсекеде алтын медаль жеңіп алған болатын. Осы жетістігінен кейін жас спортшының рейтингтегі орыны өзгерді.

Бұған дейін Алан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында – Х орында, 19 жасқа дейінгілер арасындағы рейтингте – ХХІІ орында тұрған. Қазір 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында – V орынға, 19 жасқа дейінгілер арасында – ХІІ орынға көтерілді.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button