АймақЖаңалықтар

Қалада гүл отырғызу жұмыстары басталды

Қарағанды қаласының мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасының қызметкерлері гүл отырғызу жұмыстарын бастады. Әзірге өсімдіктер санаулы жерде ғана пайда болғанымен, көп ұзамай басқа саябақтар мен алаңқайлар да гүлмен безендірілмек.

– Ең алдымен «Мәңгілік алау» мемориалының жанындағы саябаққа гүл шоқтары отырғызылды. Біз мұны Ұлы Жеңіс күні қарсаңында жасадық, себебі осы саябақта 9 мамыр күні батырларды еске алып, гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Ал 20 мамырдан кейін басқа аймақтар да гүлмен көмкеріле бастайды,- дейді басқарманың баспасөз қызметі.

Басқарманың мәліметінше биыл қаладағы бақтардың басым бөлігі өз балансына берілген. Жалпы алғанда жұмысшылар бір жарым миллионға жуық жылдық өсімдіктер отырғызабақ. Қазір отырғызылған ағаштарды күтіп-баптау жұмыстары жалғасуда.

Суреттер: саябақтар басқармасынан

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button