Аймақ

Қала мамыр мерекелеріне орай қалай безендіріледі?

Қарағанды облысында Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні мерекелеріне орай жүздеген іс-шаралар жоспарланған. Өңірде кездесулер, концерттер, қайырымдылық акциялары мен спорттық іс-шаралар өтеді. Қарағанды және басқа да елді мекендерді мерекелік безендіру жоспарлануда.

Облыс  әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың қатысуымен өткен конференция барысында өңірді безендіретін тақырыптық баннерлердің эскиздері әзірленіп, бекітілген.

Қарағандының мерекелік безендіру жұмыстары 17 сәуірде басталды. Тақырыптық безендіру бойынша жұмыстар 1 мамыр мерекесіне орай 26 сәуірде аяқталады, қаланы 7 мамырға дейін безендіру 2 мамырда аяқталады, Жеңіс күніне орай қала 4 мамырға дейін безендіріледі.

Қала бойынша барлығы 20 баннер мен 10 фото аймақ орнатылады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button