Алақан жылуын аямаған

     Қазақта жақсы қасиеттердің асылы – мейірбандық және бауырмалдық. Мұхаммед Пайғамбарымыз өсиетінде былай дейді: «Өзінің не өзгенің жетім балаларын балиғатқа жеткізіп, адам етіп шығарған адамның орны – тек қана жәннат».

Жақында №18 мектепте «Қамқоршылар» күніне арналған шара жалғасын тапты. Бұл мереке қамқоршыларға ризашылық білдіру, оларды қолдау мақсатында аталып өтті. Ата — ана қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге алып, өздеріне үлкен жауапкершілікті артып жүрген жандарға құрмет көрсетілді. Мектепке қамқоршылар шақырылып, шағын кеш ұйымдастырылды. Оқушылар өнерлерін паш етті. Тәрбие ісінің меңгерушісі Е.Жұматаев мерекемен құттықтап, әр қамқоршыны бала тәрбиелеудегі еңбегі үшін Алғыс хатпен марапаттады. Қамқоршыларға мектеп әкімшілігі тарапынан сыйлықтар табыс етілді.

Мейірімділікті аңсаған әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, бақыт сыйлау борышымыз. Ендеше, болашағымыз жарқын, ұрпағымыз бақытты болсын десек, бір-бірімізден қамқорлығымызды аямайық,

Жанар ЖҮРГЕМБАЕВА,

18 жалпы білім беретін орта мектептің әлеуметтік педагогі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.