"Балбөбек"Ақтоғай

Алақай, мерейлі маусым!

Оқу жылы да аяқталды. Біз үшін сабақтың аяқталуы жаз мезгілімен бірге келеді. Әсіресе, жаз мезгілін балалар асыға күтеді. Күнделікті сабақтар артта қалып, осы уақытты барынша қызықты әрі көңілді өткізгім келеді. Ал, біздің ауылда жаз айы өте қызықты өтеді. Жаз келгенде туыстарымызбен жайлауға көшеміз. Барлық қаладағы достарым демалысқа шығып, ауылдағы ата-әжелерінің үйіне келеді. Жаз айы өте ыстық болатындықтан, шілдеде күн шыққанда өзенге суға түсеміз. Бәріміз кеш батқанға дейін күшік, қошақандармен ойнаймыз. Ұлдар асық, ләңгі, аударыспақ ойнаса, қыздар таудан гүл теріп, шаштарына гүлтәждерін жасайды. Достарыммен бірге тауға саяхатқа шығамыз. Менің жазғы демалысым өте қызықты өтеді. Сосын, жоғары сынып оқушысы атанамын.

Сәбина МҰЗДЫБАЙ,

С.Ибраев атындағы негізгі орта мектептің

4-сынып оқушысы.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button