Жаңалықтар

Қайырымдылық – қайырлы іс

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бірлестігінің төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бас­тамасымен облыс бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Асылхан Түсіпбековтің ұйымдас­тыруымен әлеуметтік осал топтағы отбасыларына көмек берілді. Бұл игі шараға облыстық білім басқармасы, №14 мектеп-гимназиясы ұжымы қолдау көрсетті.

Сурет: ұйымдастырушылардан алынды

Асылхан Түсіпбековтің айту­ынша, мұндай игі шара еліміздің бірнеше аймағында орын алған. Көбінде жергілікті кәсіпкерлер және қоғам белсенділері, діни мамандардың мұрындық болуда. Жалпы, облыс бойынша көмекке мұқтаж 15 отбасы азық-түлік және киіммен қамтамасыз етілді.

– Қайырымдылық – қашанда сауапты іс. Әсіресе, облыстағы осал топтағы отбасыларына көмек беру – ауыз толтырып айтарлық іс. Бұдан бұрын Ақтөбе, Шымкент, Алматы сынды қалаларда біршама отбасына азық-түлік пен киім-кешек алынған-тын. Осы шараның басы-қасында ұйымдастырып жүрген жандардың айтары – біреу. Көмек алған әр отбасының шынайы алғысы шексіз көрінеді. Тіпті, көз жастарына ерік бергендерде бар, – дейді Асылхан Түсіпбеков.

Жан АМАНТАЙ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button