ЖаңаарқаСайлау – 2021

Айнабұлақ тұрғындары өз таңдауларын жасауда

Жаңарқа ауданы, Айнабұлақ ауылында 50-ге жуық ауыл тұрғыны өз таңдауларын жасады. 

551 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Бекен Оспанов сайлау жақсы өтіп жатқанын айтады.

— Ауыл үшін бүгін мереке секілді. Халық көңілі тамаша. Ауыл халқының болашағына алаңдағандықтан, өздері қалаған үміткерлеріне дауыс берді. Барлық дауыс берушілер бетперде тағып келуде, — дейді комиссия төрағасы.

— Мен ауылымның ертеңіне алаңдаймын. Ауыл — алтын бесігіміз. Халықты біріктіріп, жастарды жұмылдырып ауыл ажарын арттыратын болашақ ауыл әкіміне үлкен үміт артамыз. Сондықтан, алғаш болып үміткеріме дауыс бердім, — дейді Айнабұлақ ауылының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мадижан Сейдахметов.

Қасымхан ҒАЛЫМ.

Басқа материалдар

Back to top button