Аймақтың төтенше жағдай режимі кезіндегі тынысы

Қарағанды облысында төтенше жағдай режимі 16 наурыздан бастап жұмыс істейді. Өңір қоймалары азық-түлікпен қамтылып, ауруханалар күшейтілген жұмыс режиміне көшуде. Оқушылар мен студенттер демалысқа жіберілді.


Қазір облыста жұқпалы дертті емдеу үшін 300 және COVID – 19 короновирусымен ауыратын науқастарды оңалтуға 48 төсек, 770 провизорлық және 1325 карантин төсегі бар. Олар Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Сәтпаев қалаларының ауруханаларында орналасқан.
Госпитальдарда жұмыс істеу үшін дәрігерлердің 4 мультисциплинарлық командасы құрылған. Олардың құрамына инфекционист, пульмонолог, кардиолог, нефролог, терапевт және педиатр кіреді. Сонымен қатар, 3 анестезиолог–реаниматолог бригадасы, орта және кіші медицина қызметкерлерінен 9 бригада ұйымдастырылды. Жұмысқа барлығы 540 медициналық қызметкер тартылып, карантиндік жұмыс кестесі бекітілді.
Бүгінде карантинде 113 адам тәулік бойы бақылауда. Бұл 1А санатындағы елдерден оралған немесе шартты түрде жұқтырғандармен байланыста болған азаматтар. Үй карантинінде – 39 адам, медициналық бақылаумен өзінөзі оқшаулауда – 284 адам, қашықтықтан мониторингте – 273 адам. Барлығы өздерін жақсы сезінеді, ауру белгілері жоқ.
Облыстың тұрақтандыру қорында 300 тонна бидай ұны, 24,5 тонна қарақұмық жармасы, 37,6 тонна күнбағыс майы, 189 тонна қант, 1700 тонна картоп, 30 тонна сәбіз, 50 пияз және 50 орамжапырақ бар. Қосымша қарақұмық жармасы, күріш, күнбағыс майы мен көкөніс сатып алу жоспарланған.

Сондай-ақ, өңірде ұн өндіру үшін жеткілікті астық қоры бар.
Азық-түлік тауарларының бағасы көтерілмейді. Әзірге тек қант бағасы сәл артты. Бұл – өнімді шығарушы Беларусь зауытында өзіндік құнының қымбаттауына байланысты.
Облысқа азық-түлік үздіксіз жеткізілуде. Көлік қатынасында проблемалар жоқ. Өңірдің барлық автопарктері бұрынғы тәртіпте, маршруттарды қысқартусыз жұмыс істейді. Қарағанды қаласынан Алматы, Қызылорда, Өскемен және Жезқазған қалаларына жолаушылар пойыздары еш өзгеріссіз жүреді.
Ресеймен көлік қатынасыне шектеу қойылып, тікелей жолаушылар поездары, тіркеме және тікелей қатынайтын вагондар тоқтатылды. Бұрын сатып алынған билеттерді қосымша төлемсіз және айыппұлсыз тапсыруға болады. Сондай-ақ, әуе қатынасы тоқтатылды. 18-ші наурызда Қарағанды-Мәскеу бағытындағы соңғы рейс орындалды. 19-шы наурыздан бастап, осы бағыт бойынша ұшулар тоқтатылады. Сондай-ақ, 17-ші наурыздан бастап Қарағандыдан Новосибирск қаласына ұшулар тоқтатылды.
Облыста АИ-92/93 бензині мен дизель отынының қоры жеткілікті.
Барлық нысандар облыстың ірі кәсіпорындары штаттық режимде жұмыс істейді. Облыстық коммуналдық қызмет мамандары да бұрынғы режимде жұмыс атқарады. Су, жылу және электр энергиясы беруде іркілістер жоқ.
Барлық оқушылар 16-шы наурыздан бастап ерте демалысқа жіберілді. Жақын арада олар әр пән бойынша өз бетінше орындауға тапсырмалар алады.
Облыста барлығы 507 жалпы білім беретін мектеп бар. Онда 198 571 бала оқиды және 17 792 педагог жұмыс істейді. Қазір оқытушылар қашықтықтан жұмыс істеуге көшкен.
Сонымен қатар, өңірде 10 арнайы түзету мектеп-интернаттарында оқитын 1 053 бала қазір каникулда.
Облыстағы 100 қосымша білім беру ұйымдарының 88 мемлекеттік. Оларда 75 421 бала оқиды. Қазір мектептен тыс ұйымдардың қызметі уақытша тоқтатылды.
Сондай-ақ, өңірде 70 колледж жұмыс істейді. Олардың барлығы электрондық оқыту платформаларына қосылған.
Тек, 70 студенттің интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ. Олар үшін арнайы оқыту «Қазпошта» АҚ қызметі арқылы жүзеге асырылады.
Қалған 36 900 студент Bilimal, Platonus, Smart College және Moduls жүйелерінің көмегімен жаңа білімді игереді. Сабақтар бейне-сабақтар, дербес онлайн-жұмыстар, онлайн-курстар, чат-сабақтар, веб-сабақтар, телеконференция және телесабақтар түрінде өтеді.