Аймақ

Аймақтың ауыл мектептері жаңа автобустармен толықты

Қарағанды облысының ауылдық мектептеріне «Hyundai Trans Auto» ЖШС зауытында шығарылған 40 орындық 8 жаңа мектеп автобусы берілді. Ыңғайлы көлік жол қауіпсіздігі талаптарына сай жабдықталған.

Бұл автобустар Теміртау, Абай, Қарқаралы қалаларымен қатар, Шет, Бұқар жырау аудандары сонымен қоса Ақтау кентінен балаларды білім беру ұйымдарына және үйлеріне қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етеді. Жаңа көліктің кілттерін облыс әкімінің орынбасары Ермек Амантайұлы  салтанатты түрде табыс етті.

Өткен жылы лизингтік қаржыландыру арқылы облыстың мектеп автопаркі 27 жаңа автобусқа жаңартылды. Автобустар барлық заманауи талаптарға сай қауіпсіздік белдіктерімен, мектеп рюкзактарына арналған сөрелермен, есіктер ашық кезде қозғалысты тежейтін механизммен және 60 км/сағ жылдамдықты шектегішпен жабдықталған.

Бұған дейін «QazTehna» ЖШС-нің 19 жаңа мектеп автобустарын Абай, Қарқаралы қалалары мен Бұқар жырау, Осакаров, Шет аудандары, Теміртаудағы Ақтау кентіндегі мектептері алған болатын.

Техниканың арқасында ауыл мектептеріндегі оқушылар мектепішілік жарыстарға, спорттық жарыстарға және басқа да шараларға көбірек қатысуға мүмкіндік алады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button