Бас тақырып

Аймақта шегірткелерге қарсы күрес белсенді жүргізілуде

Бұқар жырау ауданында облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Асановтың бастамасымен жедел штабтың көшпелі отырыс өтті. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Саят Мусинмен бірге шегірткелер мен басқа да өсімдік зиянкестеріне қарсы егістікті уақтылы химиялық өңдеу жұмыстары талқыланды. Әрі оған жұмылдырылған техника мәселесі де қаралды. Сонымен қатар, аймақ басшысының орынбасары ахуалды бақылау үшін егістік алқаптарына барып қайтты. 

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Мамандардың айтуынша өңірде шегірткелердің қаптап кету қаупі жоқ. Демек, жағдай – тұрақты. Дегенмен, алдын алу шаралар қабылданған.

Бүгінде ауданда арнайы жедел штаб жұмыс істеп тұр. Тиісті шаралар да қабылдануда.

– Биыл шегіртке зиянкестеріне қарсы өңдеу алқабы ұлғайтылды. Жоспарланған 112 мың гектардың шамамен 30 мың гектарын авиация мемлекет қаражаты есебінен, қалған 82 мың гектарын ауыл шаруашылығы құрылымдарының өз қаражатына өңдейтін болдық. Жұмыстар әуе және жер үсті тәсілімен жүзеге асады. Өңдеу жұмыстары жеті ауданда жүргізіледі, – деді Саят Мусин.

Басқарма басшысы тиісті жұмыстарды жүргізу үшін қажетті заттардың қоры жеткілікті екенін айтады.

– Уақытты өткізіп алмау керек. Фитосанитарлық қауіпсіздік – өте маңызды мәселе. Алдын алу шараларын уақтылы қабылдап, жұмыстың сапасын бақылау қажет. Жағдайды бақылау, мониторинг тұрақты негізде жалғасады, – деді Бауыржан Асанов.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button