Аймақ

Аймақта балаларға қарсы қылмыстардың интерактивті картасы ұсынылды

Облыс әкімдігінде балалар қауіпсіздігі мәселелері кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында талқыланды.

Жиында ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті әзірлеген интерактивті карталар ұсынылды. Ол карталар балаларға қарсы жасалған қылмыстарды, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарын көрсетеді.

– Бұл балалардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін кез келген адам үшін жақсы аналитикалық құрал. Бұл карталар профилактикалық жұмыстарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Олардың барлық интернет пайдаланушылары үшін қолжетімді болуы маңызды, – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Ербол Әліқұлов.

1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқан өтеді. Сонымен қатар, жиын барысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі талқыланды. Демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдер аулада, шығармашылық үйірмелерде және спорт секцияларында бос уақыттарын өткізе алатындығы атап өтті. Және қаладағылар емес, ауылда да белсенді жұмыс істеуге шақырды комиссия мүшелері. Сондай-ақ, девиантты мінез-құлқы бар жасөспірімдерге және қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылардан шыққан балаларға ерекше назар аудару тапсырды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button