Аймақ

Аймақта ауыл медицинасы қарқын алуда

Қарағанды облысының Новоузенка тұрғындары енді заманауи фельдшерлік-акушерлік пунктте медициналық көмек алатын болады. Жергілікті тұрғындар үшін бұл көптен күткен оқиға.

Жаңа ФАП-та заманауи физиокабинет, күндізгі стационар, әлеуметтік дәріхана болады. Қазірдің өзінде барлық қажетті инфрақұрылым қосылған.

Екі жыл ішінде Қарағанды облысында 92 ауылдық денсаулық сақтау нысаны салынады.  69 медицина қызметкері жұмысқа орналасады. Оларды «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша жұмылдырады. Міндетті көтерме қаражаттан бөлек, жас мамандарға биыл алғаш рет қосымша қаржыландыру – 1,5 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін қолдау көрсетілетін болады. Жалпы практика дәрігері, терапевт, педиатр, анестезиолог, реаниматолог сияқты сұранысқа ие мамандар үшін көтерме қаржы 5 млн теңге болады. Бейінді мамандарға – кардиологтар, невропатологтар, хирургтар үшін – 3,5 млн теңге, орта медицина қызметкерлері мен фармацевтер үшін – 1,5 млн теңге.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына сапалы шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Теміртау және Балқаш медициналық мекемелерінің базасында көпсалалы орталық аудандық ауруханалар ашылады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button