Бас тақырып

Аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидрометтің мәліметінше, 7-9 ақпан аралығында облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 20- 28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Сурет: kz.oqu.news сайтынан

Осыған байланысты, Төтенше жағдайлар департаменті шатырды жұлып алу, электр қуатын өшіру және жолды жабу жағдайлары болуы мүмкін екенін ескертеді.

Халықты:

– Елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеуге;
– Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
– Көшеде болған кезде ғимараттар мен құрылыстардан, биік бағаналардан, ағаштардан, билбордтардан, бағаналардан және электр сымдарынан алыс болуға;
– Төтенше жағдайлар қызметінің ресми беттерінде, теледидарда, радиода және әлеуметтік желілерде ауа-райы туралы ақпаратты бақылауға шақырады.

Оқиғалардың барлық фактілерін 112, 8 (7212) 43-36-36, 43-37- телефондары арқылы хабарлауға болады.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button