Аймақта 200 адам бір мезетте ұршық иірді
Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай “Жаңа Майқұдық” мәдениет үйі алдында ақ жаулықты әжелер бастаған 200-ге жуық қыз-келіншек бір мезетте ұршық иірді.

Ұршық иіру – қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер дәстүрлерінің бірі. Ұршық иіру қазіргі таңда қолданыстан шығып, ұмытылуға айналған дәстүрлі тоқыма өнерінің бірі. Бұл ұлттық қолөнердің жаңғыруы арқылы ұрпақтар арасында қазақтың бай мәдени мұрасын сақтауға деген ұмтылыс айқын көрініс тапты. Ұршық иірудің қайта қолға алынуы – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерін ұмытпау мен болашаққа жеткізудің маңыздылығын көрсетеді.
Мерекелік шараға қатысушылар ұлттық киімдермен көрініп, қазақ халқының асыл дәстүрлері мен мәдениетін насихаттап, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты көрсетті. Ұршық иірген сәтте әрбір қатысушының жүзінде қуаныш пен мақтаныш сезімі байқалды. Бұл шара ұлтымыздың мәдени байлығын сақтау мен дәріптеуге деген ұмтылыстың айқын көрінісі болды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА