Аймақта 183 адам қар құрсауынан құтқарылды
Қарағандының солтүстік-шығыс айналма жолдарына арналған республикалық маңызы бар автожол учаскесі жабық күйінде қалып отыр, деп хабарлайды Ortalyq.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Бір апта ішінде жолдар 13 маңызды учаскеде 42 рет және облыстық маңызы бар 8 учаскеде 22 рет жабылды. 27 автоколонна ұйымдастырылып, 4078 бірлік техника сүйемелденді.
175 рет шығу жүзеге асырылды, 183 адам құтқарылды, 7 жоғалған адам табылды (екі жоғалған адамды іздеу жалғасуда), 2179 адам эвакуацияланды, жылыту пункттерінде 1324 адам орналастырылды, 82 бірлік техника қардан шығарылды.
Сонымен қатар, 25 төтенше жағдай тіркелді (21 техногендік өрт, 4 шатырдың жарылуы). Өрт салдарынан 2 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды, 2635 адамды қамтитын 76 алдын алу шаралары жүргізілді.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.