Жаңалықтар

Аймақ спорты – абырой биігінде

Өткен жылы Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, өңірдің спорт мектептері мен ұйымдары түрлі спорт бағыттары бойынша бірқатар жұмыс атқарды.

Біз сіздермен мақтанамыз!

2023 жылдың басты спорттық оқиғасы Қытайдың Ханчжоуындағы Азиялық және Паразиялық ойындар болды. Қарағандылық спортшылар 12 медаль жеңіп алды!

Қазақстанның спорт тарихына Данил Мұсабаев енді. Еліміздің спорты тарихында алғаш рет батут гимнастикасынан жеке өнер көрсетуден Азия ойындарынан алған күміс медаль бар.

Кирилл Тубаев байдаркада ескек есуден қола жүлдеге ие болды.

Синхронды жүзудегі тамаша нәтиже! Бұл спорт түрінде дуэт болған Арина Пушкина мен Ясмин Тұяқова есімді апалы-сіңлі Немичтердің ізімен жүріп, даңқты оқиғаны жалғастырды. Командалық өнер көрсетуден қола медальдарды Наргиз Болатова бен Ксения Макарова, Этери Какутия және Арина Мясникова жеңіп алды.

Қарағандылық спортшылар Ханчжоуда өткен Азия ойындарында екі алтын мен төрт қола медаль жеңіп алды.

Диас Кенжебек жүзуден алтын жүл­денің иегері атанды. Ол 100 метр қа­шықтықты 1:05:42 уақытында жүзіп өтіп, Азия мен Азиялық пара ойындарының рекордын жаңартты. Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан алтын алды. Роман  Потапов 100 метр қашықтыққа шалқалап жүзуден қола жүлдеге ие болды. Даяна Федосова дзюдодан қоланы қанжығалады. Наталья Звягинцева да эстафетада қоланы мүсе тұтты. Әлімжан Аяпов шахматтан командалық жарыста қола тақты.

Жылдың халықаралық басты жарыс­тарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін аймақ басшылығы құттықтады.

Өңірдің 33 159 спортшысы түрлі деңгейдегі 996 жарысқа қатысып, 13 927 медаль жеңіп алды, оның 4 494-і – алтын.

Спорттық медицина

1951 жылдан жұмыс істеп келе жатқан облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру дис­пансері  1996 жылы жабылып қалған бо­латын. Облыс әкімдігінің қолдауымен Рес­публика күні қарсаңында, 2023 жылғы 24 қазанда диспансер ресми түрде ашылды.

Спорт көптік қылмайды

Былтыр облыс бойынша 3 292 спорттық-бұқаралық іс-шара (ауылдық жерде – 1368) өткізіліп, 204 406 адам (ауылдық жерде – 100 575 адам) қамтылды.

Дәстүрлі спартакиадаларға 25 207 тұр­ғын қатысты.

«Арт спорт» мемлекеттік спорттық тапсырысын іске асыру шеңберінде спорттың 23 түрінен 196 секцияда 11 318 бала мен жасөспірім (оның ішінде 713 адам ауылдық округтерден) тегін айналысады.

Сонымен қатар, өңірдегі 35 спорт мектебінде 27 мыңнан астам бала (оның ішіндегі 7202 бала ауылдық жерлерден) жаттығуда, оның ішіндегі 1800 тәрбиеленуші – көп балалы отбасылардан және 207 жетім бала.

 

Не, қайда және қашан?

Өткен жылы облыстық бюджет есебінен жалпы құны 1 млрд. 106,6 млн.  болатын теңгеге 13 спорт нысаны жөнделді. 7 ДШСК-ның құрылысы жүргізілуде. Бұқар жырау ауданы Ботақара ауылында 320 орындық кешеннің құрылысы аяқталды. Келесі жобалар 2024 жылға қалдырылды, олар:  Бұқар жырау ауданы Мұстафин кенті,  Абай ауданы Топар кенті, Приозерск қаласы, Ақтас кенті., Ақтоғай ауданындағы Сарышаған кенті және Қарқаралы қаласының стадиондары.

2023 жылы Қарағандыда екі футбол манежі, облыс бойынша  8 хоккей корты, 57 жасанды жабыны бар спорт алаңы және 55 Street-Workout спорт алаңы орнатылды.

2024 жылы облыстың 5 өңірінде (Қарқаралы, Бұқар жырау, Нұра, Шет және Ақтоғай аудандары) 7 тез салынатын спорт кешенін салу жоспарлануда.

Тез салынатын аз шығынды спорт кешендерінің құрылысы «Қазақстан халқына» қоры есебінен  (Бүркітті, Шашубай, Ахмет, Өспен ауылдары) және ангар үлгісіндегі көпфункционалды спорт кешендері (Жарлы, Доскей, Ақадыр ауылдары) «Самұрық – Қазына» АҚ  есебінен жүргізілетін болады.

Бұл ретте барлық спорт нысандары мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді болуы тиіс екенін тағы да атап өтеміз.

Ерекше  спортшылар мен жобалар 

Қарағанды облысында мүгедектер спортына, оның ішінде, ерекше балаларға  үлкен көңіл бөлінеді. Біздің өңірде аутизмі, Даун синдромы бар және психикалық дамуы тежелген балаларды (Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск қалаларында 150 адам)  жүзуге үйретуден республика бойынша жалғыз жоба іске асырылуда.

Биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 64 млн. теңгеге тағы екі бағыт бойынша жоба жұмысы бастау алды:    Даун синдромы және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған жүзуден (Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран және Абай) және жеңіл атлетикадан (Қарағанды және Теміртау). Бұл спорт түрлерімен 90 ерекше бала айналысатын болады.

Сондай-ақ, «АРТ спорт» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Теміртауда кемтар  балалар шахматпен айналысады, ал, Қарағандыда адаптивті таэквондо секциясына 62 бала барады.

2023 жылы облыстық мүгедектер спорты мектебінің жанынан  сал ауруы бар балаларға арналған бочча бөлімшесі ашылды. Ондағы балалар республикалық және халықаралық жарыстарда көптеген медаль иеленді.

Біз үздіктер қатарындамыз

25 желтоқсанда Астана қаласының президенттік орталығында Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік» салтанатты рәсімі өтті. Мекеме басшысы Ермек Маржықпаев спорт өкілдерін 18 номинациямен құттықтап, марапаттады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қарағанды облысы «Үздік спорт аймағы» атағына ие болған еді. Осылайша, 2023 жылы биіктен көріндік!

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі «Үздік аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» марапатына ие болды. Сонымен қатар, биыл ауданда спорттық ғимараттар саны 13 бірлікке (барлығы – 127 бірлік) өсті.  Соның ішінде, Ботақара кентінде 320 орындық ДШСК, жасанды жабыны бар тоғыз алаң, екі Street Workout және көпфункционалды хоккей корты салынды.

Аяқталған VI жазғы спартакиаданың қорытындысы бойынша біздің өңір жалпы командалық есепте үшінші орыннан көрінді. Қоржынға 122 медаль түсті. Соның 45-і – алтын, 32-і – күміс, 45-і – қола. Осы жетістігіміз үшін министрліктен марапат алдық.

Ұлттық спорт

Қарағанды облыстық ұлттық спорт түрлерінен балалар-жасөспірімдер спорт мектебі 2000 жылдан бастап жұмыс істейді. Сонда 20 жаттықтырушы 393 баланы жаттықтыруда.

Сонымен қатар, ДШжСБ қарасты  15 спорт мектебінде қазақ күресі (15 мектеп), тоғызқұмалақ (10 мектеп), жекпе-жек (2 мектеп), асық ату (5 мектеп), көкпар (7 мектеп), аударыспақ (5 мектеп), жамбы ату (2 мектеп), саятшылық (1 мектеп) сияқты 8 ұлттық спорт түрі дамытылуда. Оқушылардың жалпы саны – 3661 адам.

Кейінгі екі жылда жаттықтырушы-оқытушылардың 25 штаттық  бірлігі  бөлінді.

«Көкпар» спорт клубы 2023 жылдың басынан бері жұмыс істейді. Клуб толық жұмыс істеуі үшін 80 млн.теңге бөлінді. Құрамында 14 нұсқаушы-спортшы, жаттықтырушылар және басқа да қажетті қызметкерлер бар.

Жалпы облыс боынша 11 ұлттық спорт түрі дамытылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының сапына өңірдің 36 спортшысы кірді.

Темірхан АБЫЛАЕВ,
облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button