Бас тақырып

Аймақ басшысы жұмыс сапарымен Шахтинск қаласы мен Шахан кентіне барды

Биыл Шахтинск қаласындағы ЖЭО мен Шахан кентіндегі орталық қазандыққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аталған жерлерге барып, станция басшылығымен кездесті. Мердігерлермен кеңес өткізді.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Аймақ басшысы өз кезегінде:

– Жөндеу жұмыстарын тиянақты атқару қажет. Жауапкершілік қатаң болады. Екі жыл бойы ЖЭО-ын ретке келтіру үшін тиісті қаражат бөлдік. Тұрғындар қыста жаурамас үшін бәрін жасаймыз. Ал, жосықсыз мердігерлер келіп, барлық жұмысты құрдымға кетіргенін қаламаймыз, – деді.

«Шахтинстеплоэнерго» ЖШС директоры Алтай Елжасов аймақ басшысына жөндеу жоспарлары туралы баяндап берді.

– Жөндеу науқанына қаражат бөлінді. Кесте бекітіліп, міндет қойылды. Жөндеу жұмыстарын бастадық. Сондай-ақ, бірқатар конкурстар өткізілді. Шарт жасалып, мердігерлер жұмысқа кірісті. Екі турбина бойынша жұмысты шілдеге дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қазандықтарды жөндеу туралы шартқа да қол қойылды. Үш қазандықты жөндеуге конкурс жарияланды. Мамыр айында конверттер ашылады, – деді Алтай Елжасов.

Сонымен қатар, Шахтинск қаласында орамішілік және магистральдық жылу желілері де ауыстырылады. Әрі шығындарды азайту мақсатында жылу оқшаулауын қалпына келтіру де жоспарланған.

Шахан кентінің қазандығын да жөндеу жұмыстары күтіп тұр. Атап айтсақ, екінші қазандықтың реакторы, қазандықтардың қыздыру бетінің жекелеген элементтері ауыстырылып, қосымша жұмыстар да жүргізіледі.

Кентке көмір жеткізу мәселесі де шешілуде. Екібастұз кен орнының көмірін пайдалану нұсқасы қарастырылуда. Ермағанбет Бөлекпаев бекітілген жұмыс кестесін сақтауды, жөндеуге жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button