Аймақ басшыларының құттықтауы
Құрметті қарағандылықтар!
Сіздерді Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл құжат еліміздің тарихында оның одан әрі даму жолын айқындайтын жаңа кезеңнің негізін қалады. Ең бастысы біз мемлекеттілігімізді нығайтуға мүмкіндік алдық. Осы уақыт ішінде біз экономиканы, әлеуметтік саланы дәйекті түрде дамытып, азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін жақсарттық. Еліміз қол жеткізген бұл жетістіктердің ішінде Қарағанды облысының да үлесі қомақты. Біздің әрқайсымыз өз еңбегімізбен Тәуелсіз Қазақстанның болашағын құруға атсалысудамыз.
Бүгінде облыста мектептер, ауруханалар мен тұрғын үйлер белсенді салынуда, инфрақұрылым жаңартылып, шағын және орта бизнес дамуда. Экономикамызға инвестициялар тартылып, жаңа жұмыс орындары құрылуда. Мұның бәрі біздің бірлігіміз бен тұтастығымыздың арқасында мүмкін болды.
Құрметті жерлестер, сіздерді Республика күнімен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілейміз. Еліміз гүлдене берсін!
Е.БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі.
Н.КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы.