Жаңалықтар

Айдын-көлдердің су сынамаларына сараптау жүргізілді

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары аймақтағы айдын-көлдердің су сынамаларына сараптау жүргізді. Жүргізілген сараптамалардың нәтижесінде Қарағандыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы орталық көл мен Шерубай-Нұра өзенінде хлорид құрамы мөлшерден асып кеткені анықталды.

Аталған сараптау жұмыстары санитариялық – эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде ұйымдастырылған. Мамандар айдын-көлдерден сынама алып, су құрамынан санитариялық-химиялық, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық көрсеткіштерге және аса қауіпті инфекция тудыратын қандай да бір паразиттердің бар-жоғын анықтады.

Қарағандыдағы орталық көлдің құрамынан хлорид құрамы мөлшерінен асып кеткен. Ал, Шерубай-Нұра өзенінде құрғақ қалдықтың мөлшері көп. Осыдан кейін көпшіліктің көкейінде «Осы айдындарға шомылуға бола ма?» деген сауал туындайтыны анық. Бұл туралы департамент мамандары:

– Біз білетіндей, құрғақ қалдықтың құрамына – кальций, магний, калий, натрий, бикарбонаттар, хлоридтер мен сульфаттардың суда еріген минералды бейорганикалық тұздары және аз мөлшерде органикалық заттар жатады. Шомылу немесе емдік ванналарды қабылдау кезінде тұзы жоғары су теріге және экстерорецепторлар арқылы ағзаға химиялық әсер етеді. Иондар мен микроэлементтер ағзаға аз мөлшерде еніп, тамырлар мен ішкі ағзалардың рецепторларын ынталандырады. Әрекет жоғары минералданған сумен жанасуды тоқтатқаннан кейін де жалғасады. Өйткені, тұз теріде ең жақсы қабат ретінде қалады, – деп жауап берді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button