Жаңалықтар

Ахуал – қатаң бақылауда

   Сейсенбі күні облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Күн тәртібінде ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асу барысы қаралды. Осы жылдың он айындағы атқарылған жұмыстар туралы Қарағанды облысы ветеринария басқармасының басшысы Бауыржан АСАНОВ баяндама жасады.

Оның айтуынша, бруцеллез ауруына байланысты 651,0 мың малға тексеру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, 2912 малдан бруцеллез ауруы анықталған. Алдын алу шаралары атқарылып, облысымыздың қала, аудандарында бақылау күшейтілген. Сонымен қатар, сібір жарасы шыққан аудандардың аумағында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу бойынша жұмысты жандандырған. Бұған қоса, инфекция жұқтырған малды бақылаусыз көшіруге қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауға шешім шығарылған.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button