Бас тақырып

АЭС-тің тиімді тұстары талқыланды

Атом электр станциясын салу жөніндегі штаб мүшелерінің халықпен кездесулерінің бірі Қоңырат кенішіндегі басқосу. «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков кеншілерге қажырлы еңбектері үшін алғысын білдірді.

Сурет ChatGPT

Одан кейін жиналғандармен Қазақстанда атом электр станциясын салу мүмкіндігі туралы диалог өтті. Пікір алмасуға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бауыржан Смағұлов пен Арман Қалықов қатысты.

Атом электр стансасының қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы егжей-тегжейлі айтып өткен техникалық сарапшылар: Қарағанды ​​облысы бойынша экология департаментінің басшысы Дархан Есжан және Қазақстан Республикасы Су ресурстары министрлігінің басқарма басшысы Сәкен Әтел.

Қоғам қайраткері Майра Әбдірахманова ауқымды жобаның кадрлық құрамдас бөлігін еске салды. Жиынды қорытындылаған Бекзат Алтынбеков кеншілерді референдумға қатысуға шақырды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button