АЭС салу елімізге тиімді
2021 жылдың жазында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елге атом электр станциясы қажет екенін мәлімдеген болатын. Елімізде АЭС құрылысы бойынша референдум өткелі отыр. Қазіргі уақытта елде өнеркәсіп белсенді дамып жатыр. Ол үшін электр қуаты қажет. Әлем уранды электр көзі деп санайды және елде оның жеткілікті қоры бар. Осы тұрғыдан алған АЭС салу елімізге тиімді болмақ.
Өйткені, атом энергиясы Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттырады. Елімізде инвесторлар үшін тұрақты қуат көзінің болуы өте маңызды. Көп жылдан бері Қазақстанда қауіпсіз атом энергетикасын дамыту үшін зерттеу жұмыстары жүргізілді. Біз АЭС құрылысын бастап, ел ертеңіне жаңа қадам жасағанымыз жөн. Атом энергетикасы бүкіл елді электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Ол ештеңеге қарамастан, электр энергиясының тұрақты мөлшерін береді. Оның жұмысына ауа райы әсер етпейді. Бұл туралы мамандар толық мәліметтер берді. Атом электр станциясынан, атом энергетикасынан біз қашпай қайта қолдау керекпіз деп ойлаймын. Оны қаншалықты жылдам салсақ, соғұрлым тиімді болары анық. Бір кезде Беларусь пен Өзбекстан АЭС саламыз деп ойламаған еді. Ол ел өзінің энергетикалық қауіпсіздігі үшін алаңдады. АЭС салуға шешім қабылдады. Қазір экономиканың декарбонизациялануы да бар, біз қаласақ та, қаламасақ та, электр қуатын алу үшін көмір мен газды жағудан бас тарту керекпіз. Қазақстанға келер болсақ, 2030 жылға қарай электр энергиясының тапшылығы болады деген болжам бар. Осы қауіптің алдын алу үшін елге атом электр станциясын салу маңызды.
Дидар МҰРАТҰЛЫ,
АЭС құрылысын қолдау жөніндегі Балқаш қалалық штабының төрағасы