Қадірлі “Орталық Қазақстан” газетінің ұжымы!
Баршаңызды қазыналы Қарағанды өңірінің бас басылымы – «Орталық Қазақстан» газетінің 85 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Аймақтың маңдайалды басылымы талай аласапыран жылдардан сүрінбей өтіп, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында өзінің мерейлі белесін атап өтіп отыр.
«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан айтқандай, «Орталық Қазақстан» өзінің тұңғыш санынан шын мәнісіндегі халықтың газеті екенін көрсете білді. Бүгінде әділдікті ту етіп көтерген басылым заман талабына сай тұрақты шығып келеді.
«Орталық Қаақстан» – отандық баспасөз нарығындағы өзіндік орны айқындалған, аймақтағы журналист мамандардың ұстаханасына айналған қастерлі шаңырақтың бірі.
Ғасырға жуық тарихы бар «Егемен Қазақстан» газеті мерейлі басылым «Орталық Қазақстан» газетін өңірдегі басты серіктесі санайды.
Еңбектеріңіз жанып, басылымның мәртебесі биіктей берсін!
Мерейтой құтты болсын!
Д.Қыдырәлі,
«Егемен Қазақстан»
республикалық газеті» АҚ
басқарма төрағасы.