Басты тақырыпЖаңалықтар

Адам құны- 50 мың теңге

Қарағандыда құмар ойынға берілген жас жігіт 50 мың теңге үшін зейнеткер әйелді 86 рет пышақтап өлтірген.

 

Қарағанды қаласының 72 жастағы тұрғыны Надежда Николаевнаны өлтірген қылмыскерді табуға марқұмның көршісі көмектескен. Ол көрші пәтерден көмекке шақырған дауысты естиді. Кейіннен дәл сол үйден қара күртеше киген жас жігіттің шыққанын көргенін айтады. Жедел іске кіріскен арнайы іздестіру тобы қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, қылмыскерді іздестіруге кіріседі. Марқұмның қызының айтуынша анасы танымайтын адамдарға мүлде есік ашпайтын көрінеді. Соңғы екі жылда бұл үйге ас үй жиһазын орнату үшін жас жігіттің ғана келгенін айтады. Іздестірушілер дәл осы жігітті тексеруге кіріседі. Іздестіре келе, бұл адамның 24 жастағы Максим Щедрин екені белгілі болады. Максимнің үйіне барған арнайы топ оның зейнеткерді өлтіріп, үйінен алып кеткен 50 мың теңгесін интернеттегі онлайн казинода ұтылғанын анықтайды. Сондай-ақ, жас жігіттің үйінен Надежда Николаевнаға тиесілі алтын сырға табылады.

Максим Щедрин азаптап адам өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Шолпан САНАҚБАЙ

Дереккөзі:  «Криминальные новости»     

Сурет интернеттен алынды 

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button