Конституция күні қарсаңында Абай қаласында құрылысы біткен жаңа Сауда-ойын-сауық орталығының салтанатты ашылуы болып, оған Абай ауданының әкімі Сәбит Оспанов пен оны салған компанияның, жұртшылық өкілдері қатысты.

Бұл нысандағы сауда нүктелері мен мейрамханасында, қонақ үйінде 200-ден астам адам жұмыс істейтін болады.
Салтанат үстінде құрылыс салушылар тұрғындарға концерт ұйымдастырып, тұрғындарға тегін ас мәзірлері мен тәтті-дәмділер, зейнеткерлер мен көпбалалы отбасыларына азық-түлік қоржын-қалталарын ұсынып, таратты.
Ержан ИМАШ,
Абай ауданы