Саран

Ақ жол саған, студент!

Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі күні кеше табалдырық аттаған бірінші курс жеткіншектерін студент қатарына қабылдады.

Кештің шымылдығын колледж директоры В.Закамолкин, қазақ бөлімінің меңгерушісі А.Күнеділова, дене шынықтыру бөлімінің меңгерушісі А.Муфталова құттықтау сөзімен ашып, жаңа толқынға ақ жол тіледі. Сондай-ақ, көгілдір экран арқылы колледж түлегі Б.Дәуренбектің студенттерді құттықтау тілегі тыңдалды.

Мерекелік шара студенттердің вальс биімен басталды. Кеш барысында студенттер ән-биден, күйден шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. №4 мектептің оқушылары өлеңдер оқып, көрермендердің қошеметіне бөленді. «Колледж студенті» деген атқа лайықты болуға ант берген 1 курс студенттеріне 4 курс студенттері «білім кілтін» табыс етті.

Өз тілшімізден.

САРАН қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button