Басты тақырыпРуханият

Аққызға арнау

Құдай-ау, мына сарын  қандай сарын?

Атқызған талықсытып таң жайсаңын.

Боз далада боз үйде домбыра тұр,

Қастерлі тұмарындай маңдайшаның!

 

Төсіңде сары дала сарын басқа,

Сарыжайлау құлын даусын                                            сағынбасқа –

Тәттімбет тәбәрік қып қалдырғандай,

Домбыра жүрегімен қарындасқа.

 

Тартқанда тағдыр ащы, күйін кермек,

Сарыарқа Дина жоқ деп күйінген жоқ.

Өйткені, Аққызы бар алтын дала,

Тәңірдің берген дара сыйын көрмек.

 

Қос басқан, екі ішекті жалқы басқан,

Сайдалы Сары Тоқамен

даңқың асқан.

Тыңдаса «Жетім қызды»

шерменде жұрт,

Көз жасын төге салар шамшыл аспан.

 

Дегенде «Қайран елім»,

«Қайран бауыр»,

Басынан өткен талай  ойран дауыл.

«Қосбасар», «Қоңырымен»

шөл қандырды,

Сарыарқа төсіндегі  сайранды ауыл.

 

«Қаршығалы кезінде»   қандай еді?!

Арқада алпыс қыздың  маңдайы еді.

Арын да, ақ жүзін де  кір шалмаған,

Талантында тағдырдың бар мәйегі.

 

Тайпалған күй қалдырсаң

көшелі елге.

Қыздарбек берген бата пешенеңде,

Рухтың қоламтасын қоздатпай ма,

Он саусақ от шанақты  көсегенде!

 

Әкесі мыңды айдаған

қыз Мүгілсім,

Байлыққа тізе бүгіп,  кім жүгінсін?!

Бүгінгі бай-манаптың ұрпақтары,

Аққыздың мұрасына құлдық ұрсын!

 

Дәулеткерей Кәпұлы,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік жастар  сыйлығының иегері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button