«Ақын өлімі туралы аңыз»


(Поэмадан үзінді)

«Алмай қойман!» деді дұшпан,
– Ала алмайсың! Деді ер ұлан.
Қайсарлықпен шыққан даңқы,
Келе жатты дүлей танкі.
– 0, құдірет, құнсыз темір,
Кеше ғана жатқан шаңда,
Біткендей-ақ бойына өмір,
Зірк-зірк етіп қан майданда,
Көрдіңдерме, енді мынау,
Сайысады адаммен бұл!
0, зымыян сұрқия жау!
Қайран өнер, қайран ақыл!
– деді де Ол жалын шарпып,
Жіберді өртеп жау танкісін.
Ол темірден алды тартып,
Адамзаттың өнер-күшін.
Ыза боп жау жіберді өрт.
Кідірді ер, оқ таусылып.
Автоматы ең соңғы рет,
Алды демін, тынды сұлық…
Алтын туын бостандықтың,
Бір килодай қорғасынға,
Күліп тұрып сатқан сұмға,
Мен бе екенмін болар тұтқын!?

Қасым Аманжолов.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.