АймақБұқар жырау

Доскейлік балғын батырлар ел бәсекесінде жүлделі болды

Мемлекет басшысы “Жастар гаджет емес, спортпен тығыз айналысуы керек” деп айтқандай, Доскей аулының жастары саламатты өмір салтын таңдап, спорттың әр түрімен айналысып, жетістіктерге жетуде.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Жуырда осы ауылдың аралас жекпе-жекпен шұғылданатын балғын батырлары Қостанай қаласында өткен Республикалық турнирден олжалы оралды.

Олар шаршы кілем үстіндегі шынайы айқас кезінде батылдық пен шеберліктің үлгісін көрсетіп, нәтижесінде Қайсар Ақшолақов пен Алдияр Есмұрат бірінші орын мен чемпиондық белбеуді иеленсе, ал Ілияс Жанұзақ пен Елнұр Дүйсенбек екінші орыннан көрінді.

Бұл жас жауынгерлерді осы сынға жаттықтырушылары Арсен Қылышпаев баптап, дайындап, апарған еді.

Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button