Қарағанды

«Ақылды бағдаршамдар» – қала көркі

Жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту мәселесі – күн тәртібінде. Осы орайда Қарағанды қаласының әкімі Ермағамбет БӨЛЕКПАЕВ салалық бөлімдермен, жол полициясының, Урбанистика орталығының және «Қарағандыавтотранссигнал» компаниясының өкілдерімен бірлескен жиын өткізді.

Қала әкімінің айтуынша, қазіргі таңда қаламызда жарық болмаған жағдайда қозғалыс реттеліп тұратын жерлерде жаяу жүргіншілер реттеу шінің сигналына сенеді немесе ол болмағанда көлік бағдаршамын басшылыққа алады. Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпелерінен, жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікке жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, оның жылдамдығын бағалап бірақ кесіп өтуі тиіс. Сондай-ақ, өтудің қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін бірақ шығуына болады. Осы орайда қала тұрғындарықазіргі таңда «Ақылды бағдаршамдар» жөнінде жиі сұрайды. Өйткені, олардың көлік қозғалысын реттейтіні бар.

– Биыл «Ақылды бағдаршамдарды» кезең-кезеңімен енгізетін боламыз. Ол көшелердің өткізу қабілетін арттыруға, қозғалыс кезінде қолайлы ортаны құруға және қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Осындай жүйе бүгінгі таңда Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістан қалаларында жұмыс істейді және оң нәтиже берген. Қаламыздағы «Ақылды бағдаршамдар» Магнитогорская – К.Маркс көшесі, 7 магистральда және одан әрі басқа жолдарға да енгізілетін болады, – деді Е.Бөлекпаев.

Сондай-ақ, жиында үш жыл ішінде 6 бағдаршам объектісінде толықтай реконструкция жүргізуді және тағы 6 жаңа бағдаршам орнатуды жоспарланғаны белгілі болды.

Ескірген жол белгілерін ауыстыруды және жаңа жол белгілерін орнату да қарастырылмақ. Реттелмейтін жаяу жүргіншілердің өтпе жолдарында «Белсенді жаяу жүргіншілер өтпе жолын» және жасанды жол бұдырларын орнату жұмыстары жалғасын табады.

Бағдаршам арнайы орталық алаңға орнатылуы мүмкін. Себебі орталық алаңнан адамдар көп өтеді. Жаңа бағдаршамдардың көмегімен қылмыскерлерді іздестіру де оңайға түспек.

Өйткені, құрылғылар түсіріп алған деректер бірден жедел басқару орталығына келіп түседі. Тіпті заң бұзған көлікті де қала көшелерінен өзі іздейді. Сондай-ақ адамның көмегінсіз көлік кептелісін реттейтін де мүмкіндіктері бар екенін айтады мамандар.

Аяулым СОВЕТ.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button