Басты тақырыпЖаңалықтар

«Ақылды» аялдама ашылды

     Кеше Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан ӘУБӘКІРОВ шаһарымызда алғаш рет «Боулинг» аялдамасында орнатылған «ақылды» аялдаманың ашылу салтанатына қатысты. Қала басшысы уәде еткен аялдаманың ерекшелігі – жылы және толықтай заман талабына сай жасалған. Арнаулы электронды таблодан автобустардың қанша уақытта жететінін білуге болады. Жабық бөлігіне бір уақытта 20 шақты адам сияды. Арнайы материалмен қоршалған аялдама жылыту жүйесі арқылы жылытылады. Бұдан бөлек, жолаушылардың қауіпсіздігі үшін бейнекамера орнатылған.

Бұл – «Боулинг» аялдамасынан ашып жатқан аялдама қанатқақты жобамыз. Қарағандылықтарға қолайлы жағдай жасау үшін “Бегемот Алматы” компаниясымен, “Gippo” сауда маркасымен және инвестор тартып, қоғамдық тамақтану орны да ұйымдастырылуда. Жобаны іске асыру нәтижесінде 8 жаңа жұмыс орны ашылды – деді шаһар басшысы Н.Әубәкіров.

   Сонымен қатар, жобаны іске асырған аталмыш компанияның коммерциялық директоры Мұхтар Қалиев айтқандай, Қарағанды қаласының әкімдігі мен “Қарағанды Жарық” ЖШС қолдау көрсеткен. Тұрғындарға мұндай аялдамалар ыңғайлы және жылы болатындығын атаған директор, одан әрі жұмыстарын жалғастыруға әзір екендігін тілге тиек етті.

   Бір айта кетері, автобустың жүру кестесіне сәйкес, аялдама таңғы 05.00-ден кешкі 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

Нұрдос КӘРІМ

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button